Шыңғыс ханның ұлағатты сөзі. Жеңістің мүмкіндігі-тек шабуылда. Егер әркім өз пиғылын арамдық ойдан тазартатын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді. Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады. Менің жеңгенім жеткіліксіз, қалған жауларым да жеңілуі тиіс. Қалай жасау керектігін білсен, бәрі де оңай. Қарапайым тұрғындар арасында бұзаудай момын, той-думанда асау тайдай сергек болыңдар. Ал, соғыста олжасына төнген аш қырандай ұрысқа атылыңдар. Исламдағы ер мен әйелінің қарым-қатынасы көз бен қолдың қарым-қатынасы іспеттес. Қол ауырса көз жылайды… Көз жыласа алақан жасын суртеді. Менің жеңгенім жеткіліксіз, қалған жауларым да жеңілуі тиіс. Тауда жоғалған нәрсені өзен түбінен іздемейді. Мен — Құдайдың қарғысымын. Егер сендер ажалға татырлық күнә жасамасаңдар, Құдай менің кейіпімдегі жазасын жібермейді. Менің еркіммен көтеріліп сар даламен белгісіз бағытқа шауып бара жатқан ат тұмсығы мен адамдардың жүздеріне, осы бейқам тірі ағынға қарап, мен — өзім бұл ағынның қай жеріндемін деп өзіме жиі сұрақ қоямын Мұның әділітті екендігіне көзімді жеткізбей жатып, мен, көптеген қатігездіктер жасап, сансыз көп адамдардың қанын төктім деп өкініп айтып кеткен екен.

Теги других блогов: продвижение SEO Google